Арыстанбек Мұхамедиұлы: Күдік болса, елбасы мойнымды жұлып алар еді

Естеріңізде болса, Мұхамедиұлын бірнеше студент қыздар төсекке сүйреді деп айыптаған болатын. Сондай-ақ, танымал актер, Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов та министрмен дауласып, түрмеден бір шыққан болатын.

 

NUR.KZ сұхбаттың бір бөлігін назарларыңызға ұсынады.

– Қызметтестеріңіз бен басшылығыңыз бұл оқиғаны қалай қабылдады? Астанадағы жоғарғы билік – Ақорда қалай қабылдады?

– Ол кісілер толығымен зерттеді. Екеумізден көп зерттеді.

– Қандай орган зерттеді? Президент әкімшілігі ме?

– Біз үкіметтің мүшесі болғандықтан ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық бюро, ішкі қауіпсіздік қызметі – бәрі тексерді. Олар міндетті түрде тексеру керек. Министрге айып болып жатқан соң ол кісілер міндетті түрде тексереді.

– Тексерген соң не болды?

– Тексерді де «мына айыптаулардың барлығы – еш негізсіз» деп көрсетті.

 – Ал тікелей басшыңыз – премьер-министрмен, президент әкімшілігімен кездесу болды ма осы мәселеге байланысты?

– Иә. Барлығы айтып жатыр «шындық үшін аяғына дейін күресу керек» деп.

– Яғни сізді қолдап отыр ма бұл тұрғыда?

– Әрине. Бір кішкентай күдік болса, ол кісілердің өзі айтар еді «Мынауың не? Не масқаралап жатырсың?» деп. Елбасының өзі, былайша айтқанда, мойнымды жұлып алар еді «Мынауың не?» деп.

– Президентпен осы туралы әңгіме болды ма?

– Жоқ.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқыңыздар.

www.nur.kz

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив